14.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: Қазақстан шахмат федерациясынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: Қазақстан шахмат федерациясынан

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Албанияның Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жоғары жетістікке қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпиондары атанса, Сауат Нұрғалиев күміс медальді қанжығасына байлады. 

Жарысқа 84 елдің 711 шахматшысы қатысты.

Турнир аясында швейцариялық жүйе бойынша бірінші 40 жүріске 90 минут, партияның соңына дейін 30 минут берілетін және әр жүріс үшін 30 секунд қосылатын классикалық уақыт бақылауымен 11 тур өтті.

Қазақстан намысын 14, 16 және 18 жасқа дейінгілер санатына кіретін 44 спортшы қорғады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗