04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда көмірден алынатын қуат көзін таза көмір технологиясы базасында дамыту көзделіп отыр

|
Photo: Фото: Pexels.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда көмірден алынатын қуат көзін таза көмір технологиясы базасында дамыту көзделіп отыр

|
Photo: Фото: Pexels.com

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының көмірден алынатын қуат көзін таза көмір технологиясы базасында дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндады.

Ол министрлік тарапынан қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуды көздейтін экологиялық талаптар мен нормаларға сай келетін бірқатар ірі жобаны, соның ішінде маневрлік режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Ендігісі Екібастұз ГРЭС-3-тің (2 640 МВт) құрылысын салу үшін инвесторды айқындау бойынша тендер өткізілді және Курчатов қаласында ЖЭС (700 МВт) салу үшін тендер жариялау жоспарлануда.

«Тікелей шарттар шеңберінде министрлік "Самұрық-Энерго" АҚ компаниясымен бірлесіп Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу жобаларын жүзеге асыруда, онда түтін газдарын сүзудің озық жүйелері, ауыр металдарды тұтып қалу технологиялары қолданылатын болады», — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗