Қазақстан мен Оман әскери оқу орындары арасындағы ынтымақтастық артады
13 желтоқсан, 2024
Фото: Қорғаныс министрлігінен
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде вице-адмирал Әли Абдулла Мұхаммед Әл-Шидидің басшылығымен Оман делегациясы болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шараға Оманның Қазақстандағы елшісі Халид Хамед Мұхаммед Мүбәрәк Әл Ғайлани қатысты.
Шетелден келген қонақтар оқу процесін ұйымдастырумен, оқыту бағдарламаларымен және жоғары білім ордаларының материалдық-техникалық базасымен танысты. Бұдан бөлек олардың назарына ҚР Қарулы Күштері қызметінің құрылымы мен басым бағыттары туралы Қорғаныс министрлігі Стратегиялық даму департаментінің брифингі ұсынылды.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Оманның әскери оқу орындары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайында келісті.
Ұқсас жаңалықтар
27 желтоқсан, 2025
Бас прокуратура WhatsApp мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертті
27 желтоқсан, 2025
«Қазақтың Қожасы»: белгілі актер Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті
26 желтоқсан, 2025
2 метр 10 сантиметр: Қазақстандағы ең алып сарбаздардың бірі әскери міндетін қалай өтеп жүр
26 желтоқсан, 2025
Электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңі енгізілді