03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан мен Германия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

|
Photo: Фото: ҚР СІМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан мен Германия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

|
Photo: Фото: ҚР СІМ

Неміс тарапының бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Федералдық сыртқы істер министрі Йоханн Вадефулмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты серіктестік мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара құрмет, сенім мен сындарлы диалогқа негізделген қазақ-герман қатынастарын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ министрлер саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, тұрақты байланыстарды қолдауға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға мүдделілігін растады.

Сұхбат соңында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Астана мен Берлиннің екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесуге келісті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗