Қазақстан әлем кубогінде батуттағы гимнастикадан алтын медаль жеңіп алды
21 қыркүйек, 2025
Фото: Olympic.kz
Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Котбус қаласында (Германия) өткен Әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшылар синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды.
Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52,200 ұпай иеленді.
Екінші орынды Германия спортшылары Кайо Локстерман мен Фабиан Фогель (52,050) алды.
Үшінші орынға Ұлыбритания спортшылары Зак Перзаманос пен Кори Уолкс (51,530) тұрақтады.
Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
Дзюдо: Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды
26 маусым, 2026
Таеквондодан Kazakhstan Open: ел қоржынына үш алтын түсті
26 маусым, 2026
Дзюдо: Ғұсман Қырғызбаев Қытайда өтіп жатқан Гран-при сериясының турнирінде финалға шықты
26 маусым, 2026
Астанада III «Senat Open – 2026» ашық шахмат турнирінің финалдық кезеңі басталды