Референдум-2026

Айбек Оралбай еш қиындықсыз келесі айналымға шықты

Айбек Оралбай еш қиындықсыз келесі айналымға шықты
Фото: instagram.com/qaz_team_official

Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде рингке соңғы болып шыққан Айбек Оралбай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Екі дүркін Азия чемпионы саналатын Айбек Оралбай Доминиканадан келген Хосе Агустин Трисетке еш мүмкіндік бермеді. Тіпті жерлесіміз екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімімен Айбек келесі айналымға өтті.