24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ауғанстандағы гуманитарлық миссия: дәрігерлер елге оралды

|
Photo: Денсаулық сақтау министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ауғанстандағы гуманитарлық миссия: дәрігерлер елге оралды

|
Photo: Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігі Ауғанстанда 10 күн бойы гуманитарлық көмек көрсеткен қазақстандық медициналық бригаданың еліне оралғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сапар барысында біздің дәрігерлер үш ірі ауруханада 40-тан астам операция жасап, 100-ден астам консультация өткізді. Медицина қызметкерлері өздерінің аспаптары мен жабдықтарын пайдаланды. Олар ауған әріптестерінің кәсіби даярлығы жоғары екенін атап өтті, алайда жергілікті ауруханаларда жабдықтардың жеткіліксіздігі мен негізгі медициналық құралдардың тапшылығы байқалды.

Қазақстандық миссияның құрамында жұмыс істегендер:

 • Ак. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы: О. Бекарысов, Д. Ғалым, А. Долгов, Р. Әбілов, Тұрлыбеков
 • Ұлттық нейрохирургия орталығы: С. Карибай, Н. Әшіров, А. Қадырoв
 • Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы: А. Сатыбалдин, С. Нұртазин, Р. Сәлімов, А. Қыдырбаев, Г. Түсүпбеков.

«Ауғанстандағы денсаулық сақтау жағдайы оңай емес: ел ұзақ соғыстан жаңа шықты, экономикалық дағдарыс пен жабдықтардың тапшылығы қатты сезіледі. Бізге шектеулі жағдайда операция жасауға тура келді. Соған қарамастан, мамандардың деңгейі жоғары, олармен бірлескен жұмыс тәжірибесі – біз үшін өте құнды», - деді Ак. Батпенов атындағы ҰҒТО директоры, топ жетекшісі Олжас Бекарысов.
 

 

 Отандас жас мамандардың кәсіби әлеуетінің жарқын мысалы – уролог дәрігер Р Сәлімовтың жұмысы. Ол ресурстар шектеулі жағдайда, әдетте бөлімшесінің меңгерушілері немесе аға ординаторлар орындайтын аса күрделі операция – нефрэктомияны өз бетінше сәтті жасады.

Миссия болашақ гуманитарлық іссапарлар үшін пәнаралық тәсілдің қажет екенін көрсетті.

Қазақстанға оралған дәрігерлерді әуежайда Астана медицина университетінің студенттері жылы қарсы алып, медицинаның шектеулерді білмейтінін, қай елде болмасын адамдарға қызмет ететінін атап өтті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗