Әуесқойлардың үздік суреттері елорданың Сарайшық ауданын безендіруге пайдаланылады
Елорданың Сарайшық ауданы әкімдігі көпшілік орындарды безендіруге ауданының ең әсем, ерекше сәтін бейнелейтін суреттерді қабылдай бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
«Елорданың дамуына өз үлесіңізді қосып, қала келбетінде өз ізіңізді қалдырыңыз. Сіз шығармашылықпен айналысып, фотосуреттер арқылы қала сұлулығын көрсеткіңіз келеді ме? Ендеше осы мүмкіндік — сіз үшін!
Сарайшық ауданындағы LED экрандарды, аялдамаларды және т.б. орындарды безендіру үшін ауданымыздың ең әсем, ерекше сәттерін бейнелейтін фотосуреттер (кәсіби камера, дрон және т.б.) қабылданады», делінген ұсыныста.
Үздік жұмыстар іріктеліп, авторлығы белгіленген түрде орналастырылады. Сурет тек жоғары сапада (жоғары ажыратымдылықта) болуы тиіс, оны Telegram парақшасына жолдау керек. Қабылдау мерзімі 7-30 сәуір аралығы.
Еске салсақ, елордада веломаусым қашан басталатыны белгілі болды