Атырау облысында үшем дүниеге келді
Атырау облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Elordainfo.kz. облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап
Сәбилердің барлығы ұл бала. Оларға Айхан, Ерхан және Рамазан есімдері берілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жаңа туған нәрестелер алғашқы кезеңде неонаталдық реанимация бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болып, толық көлемде медициналық көмек алды. Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы.
– Айхан: туған кездегі салмағы 1611 г, қазіргі салмағы 2 380 г;
– Ерхан: туған кездегі салмағы 1 611 г, қазіргі салмағы 2 505 г;
– Рамазан: туған кездегі салмағы 1 301 г, қазіргі салмағы 2 078 г.
Айта кетейік, бұл Атырау облысында биыл дүниеге келген үшінші үшем. Өңірде 2022 жылы 1 үшем, 2024 жылы 2 үшем тіркелген.
Еске сала кетсек, ақпан айының басында Түркістан облысында үшем дүниеге келді, оның үшеуі де қыз бала болды.