Астаналықтар Азия чемпионатында топ жарған спортшыларды әуежайда қарсы алды

Астаналықтар Азия чемпионатында топ жарған спортшыларды әуежайда қарсы алды
Фото: Сұлтан Сейіт

Моңғолияның Ұланбатыр қаласында өткен ересектер арасындағы бокстан Азия чемпионатында топ жарған спортшыларды елордалықтар әуежайда салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Боксшыларды қарсы алуға Астана қаласы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит пен спорт мекемелерінің өкілдері, спортшылардың жақындары және қала қонақтары барды.

«Бізді жылы қарсы алып жатқан барша жанкүйерге көп рақмет. Команда бойынша бірінші орынды алдық. Бұл – қуанышты жағдай. Дегенмен кемшіліктеріміз де жоқ емес. Екі дүркін әлем чемпиондарымыздың қарсыластарына жол беруі біз үшін күтпеген жағдай болды. Енді алдағы қыркүйек айында өтетін Азия ойындарына дайындықты күшейтіп, бұдан да жақсы нәтиже көрсетіп, жанкүйерлердің үмітін ақтауға тырысамыз», – деді Айбек Оралбай.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында топ жарғанын жазған болатынбыз.