Астаналық спортшылар халықаралық жарыста 5 медаль жеңіп алды

Бүгін, 16:44
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық спортшылар халықаралық жарыста 5 медаль жеңіп алды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі өтті. Халықаралық додада Қазақстан құрамасының спортшылары ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жекелей бағдарламада елордалық спортшы Ақмарал Ерекешева көпсайыс қорытындысы бойынша 106,900 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар топтық бағдарламада №1 ұлттық құрама командасы 46,250 ұпаймен көпсайыста қола жүлдегер атанды.

Команда құрамында Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Кристина Чепульская, Мәдина Мырзабай, Айзере Кеңес және Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.

Финалдық жаттығуларда Ақмарал Ерекешева өзінің жоғары шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, екі күміс және бір қола медальға қол жеткізді:

• құрсау жаттығуы – 29,150 ұпай (күміс),

• таспа жаттығуы – 27,400 ұпай (күміс),

• ұршық жаттығуы – 27,300 ұпай (қола).

Спортшыларды Астана қаласы әкімдігінің №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің бапкерлер құрамы дайындады. Аға жаттықтырушы – Меруерт Балғынбаева. Хореографтар – Сая Айдыс және Шыңғыс Оспанбаев.

Айта кетейік, астаналық боксшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.