Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы суицид жасамақ болып, көпірден секірген қызды құтқарды, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«4 желтоқсан күні сағат 11:35-те «Сарыарқа» ауданындағы «Атырау» көпірінде суицид жасауға талпыныс тіркелді. Азаматша суға секірген. Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағы және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
ТЖД ТЖЖБ бастығы Бауыржан Ахметалиннің айтуынша, авариялық-құтқару жұмыстары барысында зардап шеккен азаматша судан шығарылып, әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін 103 қызметі бригадасына тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері астаналық құтқарушылар 200-ден аса адамның өмірін құтқарған.