Астаналық оқушылар ойлап тапқан инкубатор балапан шығарды

Бүгін, 16:49
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Астаналық оқушылар ойлап тапқан инкубатор балапан шығарды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Smart Bala» жобасы аясында №111 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары – Перизат Кеңесбек пен Айжан Жасан жетекшілері – Алтынай Жолбасованың және Айнұр Кошкарованың қолдауымен қолдан инкубатор құрастырып, одан алғашқы балапандар алған, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Осы жылдың 26 қаңтарынан бастап жоба нақты нәтижесін беріп, алғашқы балапандар жұмыртқа жарып шығарды. Бұл сәт жас зерттеушілерге ерекше қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлады. Өз қолдарымен жасаған құрылғының жұмыс істеп, тіршіліктің пайда болуын көру – оқушылар үшін нағыз ғылыми жетістік болды», - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.

Жоба барысында оқушылар:

•инкубатордың құрылымы мен жұмыс істеу принципін меңгерді;

•температура мен ылғалдылықтың маңызын тәжірибе жүзінде бақылады;

•жұмыртқаның даму кезеңдерін зерттеді;

•теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, нақты нәтижеге қол жеткізді;

•жауапкершілік пен ұқыптылыққа үйренді;

•табиғат заңдылықтарын тереңірек түсінді;

•тәжірибелік бақылау жүргізу дағдыларын дамытты.