Астаналық оқушы компьютер құрастырып шығарды
Елордадағы №119 мектептің 10-сынып оқушысы Аят Тәжен Raspberry Pi жинағын пайдалана отырып, шағын компьютер құрастырып, бағдарламалады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құрылғы тестілеуден өтіп, оқу және күнделікті жұмыстарға толықтай жарамды екені расталды.

«Аят жобаны әрі қарай дамыту үшін портативті ноутбук корпусын 3D модельдеп, принтерде басып шығарды. Ішкі құрылғыларды бекітіп, толыққанды шағын ноутбук дайын болды. Жобаны жасауға шамамен 2 ай уақыт кетті», – деді жетекшісі Айбала Сарбасова.
Жоба оқушылардың шығармашылық және инженерлік ойлау қабілетін дамытуға, заманауи IT технологияларға қызығушылықты арттыруға бағытталған. Аят сабақтан тыс уақытта Web-жобалау, 3D-модельдеу және Python, C++, Lua, Dart тілдерінде бағдарламалаумен айналысады.
Бұған дейін 3 мың IT-маман қатысатын Decentrathon 5.0 хакатоны басталғанын жаздық.