Астаналық ғалымдар Конституция жобасындағы негізгі ережелермен танысты

Бүгін, 15:18
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астаналық ғалымдар Конституция жобасындағы негізгі ережелермен танысты
Фото: видеодан кадр/nasec.kz

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығында өткен кеңесте жаңа Конституцияның жобасы талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеңеске орталық аппарат қызметкерлері қатысты, 33 еншілес ұйым және ведомстволық құрылымдар қашықтан қосылды.

Онда саяси және қоғамдық институттарды дамытуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге, әділетті, ашық және есеп беретін мемлекет құруға, сондай-ақ заманауи сын-қатерлерге тиімді жауап бере алатын тұрақты мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған негізгі өзгерістерге назар аударылды.

Басқарма төрағасы Бауыржан Асанов талқыланған өзгерістердің маңызды екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар Конституцияның жаңа жобасындағы негізгі ережелермен танысты.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланғаны туралы жаздық.