Астаналық дәрігерлер ерекше акция арқылы жаңа Конституцияны қолдады – ВИДЕО

Бүгін, 12:18
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық дәрігерлер ерекше акция арқылы жаңа Конституцияны қолдады – ВИДЕО
Фото: Жалпыұлттық коалиция Астана қалалық филиалы

Астанада Ұлттық балаларды оңалту орталығының медицина қызметкерлері Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын қолдауға арналған акцияға қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жалпыұлттық коалицияның қалалық филиалына сілтеме жасап.

Акция барысында дәрігерлер «құсбелгі» белгісі мен «15» санын бейнелеп сапқа тұрды. Осылайша олар 15 наурызда өтетін алдағы референдумды қолдайтындарын білдірді. Бастама азаматтық белсенділікті арттыруға және референдумның маңызын түсіндіруге бағытталған.

Іс-шараға елорданың денсаулық сақтау саласынан шамамен 150 маман қатысты.

Айта кетейік, елордада Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Оның аясында еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлер қауымдастығымен, жастармен және қоғам өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылуда.

Бұған дейін Астанада жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өткенін жаздық.