Астанада Дүниежүзілік волонтерлер күні қарсаңында Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының еңбек терапиясы бағытындағы ерікті әжелер Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының оқушыларына шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сабақ барысында әжелер қолөнер материалдарын пайдаланып, жаңажылдық сәндік ойыншықтар жасауды үйретті. Сондай-ақ оқушыларға көркем еңбекке қажетті құралдарды дұрыс қолдану және жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндірілді.
Балалар «Ақ қала» мен жаңа жылдық шырша жасау технологиясымен танысып, өз қолдарымен сурет салып, бояп, жаңа жылдық ойыншықтарды әсемдеді.
Қолөнер сабағының соңында мектеп әкімшілігі Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының әжелеріне алғысын білдіріп, білім ордасына жиі келіп, тәжірибелерімен бөлісіп тұруды өтінді.
Бұған дейін астаналық ардагерлер студенттерге табиғатты қорғау тақырыбында дәріс оқығанын жаздық.