Астаналық Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды
28 наурыз, 2025
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан финалдық бәсекеде Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Зейнеп Баянова қола медаль иеленген болатын.
Еркін күрестен жарыстар 29 наурызда басталады.
Ұқсас жаңалықтар
26 сәуір, 2026
Су добы: Қазақстан ерлер құрамасы екінші рет жеңіске жетті
26 сәуір, 2026
Қазақстандық боксшылар Әлем кубогы кезеңінің финалына жолдама алды
25 сәуір, 2026
Азиядағы жағажай ойындары - 2026: Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан күміс жүлдегер атанды
24 сәуір, 2026
Әлинұр Қуатұлы джиу-джитсудан жағажайдағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды