Астаналық спортшылар белбеу күресінен Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
3 маусым, 2025
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан
Үндістан астанасы Нью-Делиде ересектер мен кадеттер арасында өткен белбеу күресінен (алыш) Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан намысын қорғаған елордалық балуандар ерекше белсенділік танытып, ел мерейін үстем етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Айтулы додаға әлемнің 10 мемлекетінен 200-ден астам спортшы қатысты.
Атап айтқанда, Астана қаласының спортшысы Марзия Жомартова 60 кг салмақ дәрежесінде белбеу күресінің еркін стилінде алтын жүлдегер атанса, 55 кг салмақта сынға түскен Айша Жиенбаева да қарсыластарын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ белбеу күресінің классикалық стилінде +100 келі салмақта елордалық Мадияр Абдрахманов қола жүлдеге қол жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 18:11
Кәсіби мереке күні Астананың 100 мейірбикесі AMANAT партиясының қатарына қосылды
Бүгін, 16:58
Баспасөз туры: Астанадағы LRT жүйесінің барлық стансалары мен пойыздары тексерілді
Бүгін, 16:44
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
Бүгін, 16:31
PGL Astana 2026: Елордаға Counter-Strike чемпиондары келеді