Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық XXl Жәутіков олимпиадасы да өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлемнің 15 елінен 700-ден астам оқушылар қатысқан зияткерлік сайыста қазақстандық оқушылар құрамасы ел қоржынына 116 медаль ( 21 алтын медаль, 33 күміс медаль, 62 қола медаль) салды.
Соның ішінде Астана қаласының оқушылары 14 медаль (8 алтын, 3 күміс, 3 қола) иеленді.
Алтын медаль иегерлері:
1.Сайлаубай Бексұлтан - Дарынды ер балаларға арналған «Білім – Инновация» лицей – интернатының 11- сынып оқушысы
2.Сейітбай Алдияр - Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей-интернатының 10- сынып оқушысы
3. Қиғаш Әмір - Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей-интернатының 11- сынып оқушысы
4. Шарел Марғұлан-«Спектрум» халықаралық мектебінің 11- сынып оқушысы;
5. Пшенбаев Амир-«Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы
6.Ким Артур -«Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы
7.Посин Владислав Халықаралық «Спектрум» мектебінің 12- сынып оқушысы
8.Есенбергенова Нұргүл -НұрОРДА мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы
Күміс медаль иегерлері:
1. Алиасқар Сұлтанәлі-Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9- сынып оқушысы.
2. Тамирлан Макишев- Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатыны 11-сынып оқушысы
3. Даниэль Тюлубаев «НұрОрда» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы
Қола медаль иегерлері:
1. Жұмаділ Мұхамедәлі- “Нұр Орда” мектеп-лицейінің 10- сынып оқушысы
2. Байжанов Нұрмырза- Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 11-сынып оқушысы
3. Мырзаш Бейбарыс-Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 11-сынып оқушысы.