Референдум-2026

Астанаға келген шетелдік мейман елордалық полицейлерге алғыс айтты

Бүгін, 12:48
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанаға келген шетелдік мейман елордалық полицейлерге алғыс айтты
Фото: видеодан скрин/police_astana

Астана қаласының полициясына Түркия азаматы жүгініп, құны шамамен 300 АҚШ долларын құрайтын Ray-Ban күннен қорғайтын көзілдірігін жоғалтып алғанын айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ер адам көзілдірігінің жоғалғанын қонақүйде жүрген кезде байқап, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді.

«Тексеру барысында спорттық іс-шараға келер алдында көзілдіріктің ер адамның өзінде болғаны анықталды. Кейін ол ойындарды трибунадан тамашалау кезінде көзілдірігін қалдырып кеткен. Ал ғимараттан шығып бара жатқанда оның жоғалғанын байқамаған», - делінген хабарламада.

Шетелдік азамат Астана полициясының қызметкерлеріне жедел әрекет еткені, мұқият әрі ілтипатты қарым-қатынасы және көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Елорда полициясы азаматтардың уақтылы жүгінуі оқиғаның мән-жайын тезірек анықтап, қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жеке заттар жоғалған жағдайда көмек сұрап, полицияға жүгінуді кейінге қалдырмау және болған жағдайдың мүмкіндігінше нақты мән-жайларын қызметкерлерге хабарлау ұсынылады.

Еске сала кетейік, Астанада Триумфалды арка маңында әдепсіз видео түсірген шетелдікке айыппұл салынды.