Астанадан Ұланбатырға жаңа әуе қатынасы ашылды

Астанадан Ұланбатырға жаңа әуе қатынасы ашылды
Фото: Bayan-Ulgii.mn

2 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX үлгісіндегі әуе кемесімен аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) жиілікпен Астана – Ұланбатыр бағыты бойынша жаңа әуе қатынасы ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Моңғолияның Hunnu Air әуе компаниясы Алматы – Ұланбатыр бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен тұрақты рейстерді орындайды. 6 маусымынан бастап аталған бағыт бойынша рейстер саны аптасына 4-ке дейін артады. Осылайша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы рейстердің жалпы саны 2 әуе бағыты бойынша аптасына 6-ға дейін ұлғаяды.

Астана және Ұланбатыр қалалары арасында әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астана-Ұланбатыр, Өскемен-Өлгей бағыттында әуе рейстері ашылатына хабарланды.