Астанада велоспорттан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы «Елорда туры» ашық чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыс елордалық талантты спортшы Құтжан Бағланды еске алуға арналды.
Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам жас спортшы қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай жекелей және топтық сындарда бақ сынады.

Жарыстың соңғы күні – 27 тамызда финалдық кезеңдер өткізіліп, үздік спортшылар анықталды.
Жарыс жеңімпаздары:
11-12 жас ұлдар:
Алан Васильев – 1-орын;
Олег Филатов – 2-орын;
Тагир Ташен – 3-орын.
Қыздар:
Сара Баубек – 1-орын;
Нұрай Қанатбек – 2-орын;
Анастасия Марчевская – 3-орын.

13-14 жас ұлдар:
Александр Филатов – 1-орын;
Ерсайын Жапаров – 2-орын;
Константин Пахоруков – 3-орын.
Қыздар:
Айша Нұрғали – 1-орын;
Камелия Қайыржанова – 2-орын;
Айым Анарбек – 3-орын.

15-16 жас ұлдар:
Мансұр Бралин – 1-орын;
Әлихан Жүнісов – 2-орын;
Бекзат Бектеміров – 3-орын.
Қыздар:
Валерия Кузнецова – 1-орын;
Надежда Ташланова – 2-орын;
Аруана Төлеухан – 3-орын.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, дипломдар, кубоктар, бағалы сыйлықтар, сондай-ақ командалық есеп бойынша велосипедтер табысталды.
Бұл чемпионат жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, елорданың спорттық дәстүрін дамытуға бағытталған маңызды спорттық іс-шара болды.
Жарыс Астана қаласы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасының Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, Астана қаласының велосипед спорты федерациясының қолдауымен және №6 БЖСМОРСМ ұйымдастыруымен өткізілді.