15.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Жастар Жалыны – 2025» шығармашылық-спорттық фестивалі өтіп жатыр

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Жастар Жалыны – 2025» шығармашылық-спорттық фестивалі өтіп жатыр

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Астанада жыл сайын өтетін «Жастар Жалыны – 2025» шығармашылық-спорттық фестивалі бастау алды. Бұл фестиваль елорданың талантты да белсенді жастарын біріктіретін маңызды шараға айналды, жыл сайын елордалық жастар бас қосады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

15–16 қараша аралығында қатысушылар өз шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін төмендегі 10 бағыт бойынша көрсетеді:

• Эстрадалық вокал

• Ұлттық би

• Қазіргі заманғы би

• Ұлттық аспаптар

• Театрландырылған композиция (қойылым)

• Футбол

• Волейбол

• Шахмат

• Үстел теннисі

• Мобилография

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Әлібек Жүсіпов «Жастар Жалыны» фестивалі – жастардың өнері мен спорттағы жетістіктерін паш ететін, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және достық пен ынтымақты нығайтуға бағытталған алаң болып отырғанын айтады.

“Халықаралық студенттер күні қарсаңында елордамызда жыл сайын өтетін «Жастар Жалыны-2025» спорттық-шығармашылық фестивалі шымылдығын ашты. Қазіргі таңда Астанада 100 мыңнан астам студенттер білім алып жатыр. Әкімдік тарапынан оларға жағдай жасалып отыр. Бүгінгі фестиваль соның бір дәлелі.

«Жастар Жалыны» — бұл тек өнер мен спорттың мерекесі ғана емес. Бұл – ізденістің және достықтың алаңы. Фестивальдің атауына лайық жалынды энергияларын көрсетіп жатыр. Жастарымызға денсаулық, амандық, шабыт және сәттілік тілеймін”, - деді ол.

Астана халықаралық университетінің 4-курс студенті Динара Мажитова “Жастар жалыны” фестиваліне төртінші рет қатысып жатыр. Айтуынша, ерекше әсер мен шалқар шабыт алған.

“Биыл төртінші жыл қатарынан қатысып жатырмын. Бұл жердегі атмосфера, көңілкүй бөлек. Мен “Заманауи би өнері” номинациясында құрбыларыммен бірге өнер көрсетемін. Үш қыз би билейміз. Мамандығым - Аударма ісі. Осы ретте мамандығымның шығармашылыққа еш қатысы болмаса да, байқауға қатысуға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін,- деді ол.


Фестивальдің ресми жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 17 қараша күні Назарбаев Университетінде өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗