Астанада жарты ғасырдан астам уақыт бұрын отасқан отбасы сайлауда дауыс берді

Астанада жарты ғасырдан астам уақыт бұрын отасқан отбасы сайлауда дауыс берді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астананың Нұра ауданындағы №226 сайлау учаскесіне аудандық белсенді өмір сүру орталығының мүшелері Әшім және Кенже Жылқайдаровтар алғашқылардың бірі болып келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Биыл шаңырақ көтергендеріне 55 жыл толған ерлі-зайыпты ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйіп отыр. Олар ел өміріндегі саяси науқандарға үнемі белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті.

«Шаңырақ көтергенімізге 55 жыл болды. Ұл-қыз тәрбиелеп, немере өсіріп отырмыз. Елімізде болып жатқан саяси науқандарға ұдайы белсенді қатысып келеміз. Бұл – біздің азаматтық құқығымыз. Бүгін де Қазақстанның болашағы, жастарымыздың келешегі үшін өз таңдауымды жасадым», – деді Кенже апа.

Еске салсақ, Астанада үшем тәрбиелеп отырған ана сайлауда өз таңдауын жасады.