Астанада Жаңа жыл қарсаңында бұқаралық «Жаңажылдық жүгіріс – 2025» спорттық іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Жаңажылдық жүгіріс – 2025» спорттық іс-шарасы 2025 жылдың 28 желтоқсанында Триатлон паркінде өтеді.
Іс-шараның басталуы сағат 10:00-ге жоспарланған.
Қатысушыларды тіркеу сол күні сағат 08:30-дан 10:00-ге дейін жүргізіледі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шараға қатысушылар саны 1 200 адаммен шектелген.
Шара барысында қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Айта кетерлігі, «Жаңажылдық жүгіріс – 2025» шарасына қатысу тегін.
Бұған дейін 2025 жылы Астана қаласының спортшылары қандай ірі жетістіктерге жеткенін жазған болатынбыз.