Астанадағы Орталық саябақта шаңғы маусымының ашылуы өтеді
21 желтоқсан, 2024
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада 22 желтоқсан күні Орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында шаңғы маусымының ашылуы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл – таза ауада шаңғымен жүріп, ұлттық ойындар бойынша тартысты бәсекеге қатысуға және күні бойы қуат алуға тамаша мүмкіндік.
Жарыста ұлттық ойындар бойынша қол күрес, белбеу күрес, гір көтеру, арқан тартыс сияқты ойындар ойнатылады.
Қатысу шарттары:
• Өз шаңғыңыз болуы міндетті.
* Қатысу тегін, бірақ орын шектеулі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Финишке жеткендерге арнайы медаль беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
Дзюдо: Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды
26 маусым, 2026
Таеквондодан Kazakhstan Open: ел қоржынына үш алтын түсті
26 маусым, 2026
Дзюдо: Ғұсман Қырғызбаев Қытайда өтіп жатқан Гран-при сериясының турнирінде финалға шықты
26 маусым, 2026
Астанада III «Senat Open – 2026» ашық шахмат турнирінің финалдық кезеңі басталды