Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында құқықтық тәртіп әскерінің офицерлерін кәсіби даярлау деңгейін арттыру мақсатында «Үздік әдіскер» байқауының қорытынды үшінші кезеңі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Финалға құқықтық тәртіп әскерінің 17 офицері қатысып, жоғары кәсіби және әдістемелік дайындықтарын көрсетті.
Олар байқау барысында мемлекеттік тіл және мемлекеттік-құқықтық дайындық, Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, тактикалық-атыс және дене даярлығы, жалпы әскери жарғылар, байланыс даярлығы, әскери-медициналық дайындық, әдістемелік жұмыс және басшылық құжаттарды білу сынды тапсырмаларды орындады.

Конкурс комиссиясының бағалауы нәтижесінде үш номинация бойынша үздік әдіскерлер анықталды. Атап айтқанда, «Үздік әдіскер — батальон (дивизион) командирі, арнайы комендатура коменданты» - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5512 әскери бөліміндегі 2 жедел мақсаттағы батальонның командирі майор Арнат Күйсов, «Үздік әдіскер — штаб бастығы, батальон (дивизион) командирінің орынбасары» - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5514 әскери бөлімі 2 жедел мақсаттағы батальонының орынбасары - штаб бастығы, майор Әлішер Есмағзамов, «Үздік әдіскер — батальон (дивизион) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары» - Ұлттық ұлан Академиясының 1 оқу батальоны командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Жеңіс Мағұзов,
«Бұл байқауға қатысу мен үшін маңызды кәсіби сын болды. Әртүрлі өңірлік қолбасшылықтардың офицерлерімен бәсекелесу арқылы өз деңгейімді саралауға мүмкіндік алдым. Әр кезең терең білімді, төзімділікті және нақты жағдайға бейімделе отырып шешім қабылдай білуді талап етті», - деді майор Арнат Күйсов.