09.12.2025
RU
Мәзір

Астанада үш мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты

|
Астанада үш мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген және тәулік бойғы режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен түнде коммуналдық мамандар елордадан шамамен 16 мың текше метр қар шығарды. Қар полигондарына 1 338 рейс жасалды.

9 желтоқсан күні таңертеңнен бастап қар тазалау жұмысына үш мыңнан астам жол жұмысшысы және 1 420 арнайы техника жұмылдырылды.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін орташа қозғалысы бар учаскелер – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыс жүргізіледі.

Айта кетейік, қыс маусымы басталғалы бері қаладан 332 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл көрсеткіш 25 863 рейспен орындалған.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға шақырады.

Айта кетейік, елордада полиция күшейтілген қызмет тәртібіне көшті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗