Референдум-2026

Астанада Ұлттық ұланның солисті Бауыржан Макаевтің шығармашылық кеші өтті

Бүгін, 21:01
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Ұлттық ұланның солисті Бауыржан Макаевтің шығармашылық кеші өтті
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Елордада ҚР ІІМ Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің солисті, «Құрмет» орденінің кавалері Бауыржан Макаевтің «Самғау» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Филармония концерт залында көрермен назарына өнерпаздың шығармашылық жолы, сахнадағы жетістіктері мен рухани мұрасы кеңінен дәріптелді. Концерттік бағдарламада өнер иесінің орындауында таңдаулы әндер шырқалып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шығармашылық кешке арнайы қонақ ретінде елімізге танымал өнерпаздар да қатысып, өз өнерлерін ұсынды. Атап айтқанда, Санжай Әлмишев, Болат Қохаманов, Марат Нүкеев, Олжас Құрманбек және Мұрат Зайнұла сахна төрінде өнер көрсетіп, кештің мазмұнын аша түсті.

Концерт барысында өнер иелері қазақ эстрадасының құндылықтарын дәріптеп, көрерменмен ерекше байланыс орнатты. Ән мен әуенге толы кешке жиналған қауым өнерпаздардың шығармашылығына жоғары бағасын берді.

«Самғау» шығармашылық кеші – өнерге деген құрметті арттырып, ұлттық музыка мен сахна мәдениетінің дамуына үлес қосқан мазмұнды мәдени шараның бірі болды.