Референдум-2026

Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб өтті

Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб өтті
Фото: Астана әкімдігі

Астанада «Green Line» аллеясында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны «Нұра» ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Алтын домбыра» ансамбілі мен «Нұра» ауданы Ардагерлер кеңесі бірлесіп ұйымдастырды.

Мерекелік жиын барысында ансамбль орындауында «Жастар күйі» күмбірлеп, көпшіліктің сүйікті «Еркем-ай» әні шырқалды. Домбыраның қоңыр үні жиналған жұртшылыққа ерекше әсер сыйлап, ұлттық өнеріміздің құдіретін тағы бір мәрте паш етті.

Флешмобқа қатысқан елорда тұрғындары мен қонақтары өнерпаздардың шеберлігіне ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Бұл тағылымды іс-шара ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және халқымыздың рухани мұрасын насихаттауға өз үлесін қосты. 

Бұған дейін Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған концерт өткенін жаздық