06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада шахматтан Senat Open турнирінің іріктеу кезеңі басталды

|
Photo: Фото: instagram.com/tzeinulkabden
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада шахматтан Senat Open турнирінің іріктеу кезеңі басталды

|
Photo: Фото: instagram.com/tzeinulkabden

Астанада екінші Ашық кубок – Senat Open турнирінің іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Турнирге 120-ға жуық қатысушы жиналды, олардың қатарында ардагерлер, мәслихат өкілдері, мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен қоғам қайраткерлері бар.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 35 үздік шахматшы анықталып, олар жарыстың жартылай финалында елорда намысын қорғайтын болады. Турнирді Астана қаласының әкімдігі, қалалық мәслихат және шахмат федерациясы ұйымдастыруда.

«Мен алғашқы символдық жүрісті жасап, қатысушыларға сәттілік тіледім. Айта кетейін, алғашқы турнирдің жеңімпазы Астана командасы болған еді», - деп жазды елордалық мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗