Астанада сарапшылар жасанды интеллектіні салаларға енгізу мәселесін талқылады
15 қазан, 2025
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Елордада мемлекеттік органдардың, білім беру және технологиялық мекемелердің өкілдері қатысқан сараптамалық сессия өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Онда жасанды интеллектіні (AI) дамыту, цифрландыру, инвестициялар тарту және Smart City тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сессияға қатысушылардың қатарында Астана әкімдігі жанындағы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшелері де болды.
Жиынды ашқан Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов қатысушыларды құттықтап, елордадағы цифрлық трансформацияның кешенді сипатын ерекше атап өтті.
«Бүгінде біз үшін жекелеген цифрлық шешімдерді енгізу ғана емес, қаланың бірыңғай, қауіпсіз және басқарылатын архитектурасын құру маңызды. Жасанды интеллект осы экожүйенің қосымшасы емес, өзегіне айналуы тиіс. Ол елорданың тиімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз етуі керек», – деді Евгений Глотов.
Сессия модераторы – Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Берік Ахметов.
Оның айтуынша, мұндай кездесулер мемлекет, бизнес және сарапшылар арасындағы жүйелі диалог орнатуға, сондай-ақ елордада AI бастамаларын енгізу бойынша ортақ ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында қалалық AI-экожүйені дамыту бағыттары кеңінен қаралды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Лазизбек Құрбантаев ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда деректерді берудің ұлттық гиперм магистралі салынып жатыр және ел бойынша деректерді өңдеу орталықтарының желісі дамуда. Бұл жүйе жалпы киберқауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов білім беру мен адами капиталды дамыту саласындағы бастамаларды таныстырды. Оның ішінде мұғалімдерге арналған жасанды интеллект бойынша тағылымдамалар ұйымдастыру және мектептегі AI жобаларын қолдау бастамалары бар.
«AI Human Capital жұмыс тобы аясында біз екі бастама ұсындық. Біріншісі – мектеп мұғалімдерін жасанды интеллект негіздеріне оқыту. Бұл педагогтарға өз сабақтарында AI элементтерін қолдануға мүмкіндік береді. Биылдың өзінде бірінші топты Ұлыбританияға «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамаға жіберуді жоспарлап отырмыз.Екіншісі – мектептермен кураторлық жұмыс. Кеңес құрамында жеке мектептері бар, цифрлық білім беруде табысты тәжірибесі бар мүшелеріміз бар. Сол тәжірибені астаналық мемлекеттік мектептерге енгізіп, мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын, soft skills және бизнес дағдыларын дамытуға ниеттіміз. Бұл – жасанды интеллектіні өмірде және білімде тиімді қолдана алатын жаңа буынды қалыптастырудағы маңызды қадам», – деді Әділ Құсманов.
Сондай-ақ ол алғаш рет Астанада арнайы AI-кеңес құрылғанын атап өтіп, елорданың жасанды интеллект пен цифрлық инновацияларды дамытудағы көшбасшы болуға тиіс екенін айтты.
Қазақстандағы Жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева Qaz.AI қауымдастығының жұмысы жайлы айтты. Бұл ұйым жасанды интеллект саласындағы мамандарды, кәсіпкерлерді және зерттеушілерді біріктіреді.
Қауымдастық технологияларды этикалық тұрғыда қолдану стандарттарын дамытып, стартаптарды қолдайды және мемлекеттік, жеке және ғылыми сектор арасындағы әріптестікті нығайтады.
Astana Hub басқарушы директоры Жамбыл Махметов AI-инициативаларды дамыту тәжірибесімен бөлісті. Ол акселерациялық және білім беру жобалары – TUMO School, Tech Orda және Орталық Азиядағы алғашқы жасанды интеллект мектебі 01 EDU Tomorrow School бағдарламалары туралы айтты.
Сессияға студенттер, стартап өкілдері және Astana Hub резиденттері де қатысты.
«Осындай ауқымды жобаның бір бөлігі болғаныма қуанып отырмын. Бұл тек жасанды интеллектіні зерттеу емес, оның ел мен әлемге тигізетін әсерін терең түсіну.Мұндай кездесулер үлкен шабыт береді, ортақ іске өз үлесіңнің бар екенін сезіндіреді», – деді қатысушы Динара Майрамбаева.
Сессия қорытындысында қатысушылар жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық инфрақұрылымды нығайту және болашақ экономикасына кадрлар даярлау салаларында күш-жігерді біріктірудің маңызын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:15
Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар
Бүгін, 10:03
ІІМ азаматтармен онлайн байланыс орнатып, әлеуметтік желілер арқылы 778 өтініш қабылдады
Бүгін, 09:48
«Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өсті
Бүгін, 09:37
Сайлау учаскелерінде азаматтарды тексеру және тіркеу онлайн сервистері іске қосылады
Бүгін, 09:28
Астананың барлық ауданында мектеп жәрмеңкелері өтуде
Бүгін, 09:11
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру: Мемлекеттік қызметтің 88%-ы электронды форматқа көшірілді
Бүгін, 08:53
Елордада 7 автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді
Бүгін, 08:34
Астанада демалыс күндері фермерлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Бүгін, 07:01
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
Бүгін, 00:59
Құрылтай сайлауы күні жалпыұлттық online-марафон өтеді
Бүгін, 00:34
«Өз учаскеңді тап!»: Астанада ауқымды челлендж өтіп жатыр
20 тамыз, 2026
Астанада әкімдіктің білім грантын иеленгендер тізімі бекітілді
20 тамыз, 2026
Астаналық жас гимнаст Қытайдағы турнирде үш медаль жеңіп алды
20 тамыз, 2026
Газ желілерін қысқы кезеңге дайындау 91%-ға орындалды – министрлік
20 тамыз, 2026
Астанада Р.Қошқарбаев даңғылында автобус жолағы енгізіледі
20 тамыз, 2026
Sarap сарапшылары сайлау науқанының аралық қорытындыларын талқылады
20 тамыз, 2026
Амур жолбарысы Үміт жаңа ортаға бейімделіп келеді
20 тамыз, 2026
Елімізде 72 теміржол вокзалы жаңартылды
20 тамыз, 2026
Қазақстандық үш спортшы спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогына қатысады
20 тамыз, 2026
Мемлекет басшысы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты қабылдады
20 тамыз, 2026
ЖИ көмегімен ЖЭК генерациясын болжау дәлдігі 80%-ға дейін артады
20 тамыз, 2026
Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының құмар ойынға қатысқаны анықталды
20 тамыз, 2026
Астаналық оқушы тұшпара түйіп, өз кәсібін дамытып жүр
20 тамыз, 2026
Қазақстандағы электронды сауда үш жылда 50%-дан астам өсті
20 тамыз, 2026
Астанада нөмірін төңкеріп қойған жүргізуші жауапқа тартылды
20 тамыз, 2026
Агенттік ескертеді: Мобильді қосымшаларға шектеусіз рұқсат беру алаяқтық шабуылдарға жол ашады
20 тамыз, 2026
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау жүргізіліп жатыр
20 тамыз, 2026
Астана-1 вокзалының реконструкциясы қашан аяқталады
20 тамыз, 2026
Саяси күштердің көшбасшылары «Басты дебат – 2026» алаңында кездесті
20 тамыз, 2026
Аида Балаева: Біз бірлескен жобаларды дамытып, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз
20 тамыз, 2026
Астана және Алматыда бес жас ғалымға баспана беріледі
20 тамыз, 2026
Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар саласын дамыту мәселелері талқыланды
20 тамыз, 2026
Арыстағы әскери бөлім аумағында оқ-дәрі фрагменті жарылды - ВИДЕО
20 тамыз, 2026
Едіге Емберді: Менің өмірімде алкогольге орын жоқ
20 тамыз, 2026
«Күміс жас»: 50 жастан асқан 9 мыңнан астам адам жұмыс тапты
20 тамыз, 2026
Астанада түнде тыныштықты бұзған әйел жауапкершілікке тартылды
20 тамыз, 2026
Қазақстандықтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету қарқыны бірнеше есе артты
20 тамыз, 2026
«Құқықтық тәртіп»: Астанада 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды
20 тамыз, 2026
Қазақстанда теміржол техникасының өндірісі 7 есеге артты
20 тамыз, 2026
«1 мың пәтер ойнатылады»: Жалған акция туралы ескерту жасалды
20 тамыз, 2026
7-8 қыркүйекте Астанада ғарыш саласына қатысты форум өтеді
20 тамыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД волонтерлерінің алғашқы форумына қатысушыларды құттықтады
20 тамыз, 2026
«Сарбаз» гранты әскери қызметін өтеген 1 745 азаматқа берілді
20 тамыз, 2026
Қазіргі АЭС-та радиациялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі - маман жауабы
20 тамыз, 2026
10 минутта диагноз: Астана медицинасына жасанды интеллект енгізіліп жатыр
20 тамыз, 2026
Астанада отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық ұдайы қадағалауда
20 тамыз, 2026
Аудиттен кейін ҚазҰУ-да бюджет гранттарына бақылау күшейтілді
20 тамыз, 2026
Жолтай Жұмат-Әлмашұлы: Жас ұрпаққа жақсы тәрбие берудің төте жолы – кітап оқуға жетелеу
20 тамыз, 2026
Қазы-қарта мен жал-жая халықаралық стандартқа ұсынылды
20 тамыз, 2026
Астанада 150 мыңға жуық фишингтік SMS таратқан топ ұсталды
Бүгін, 10:15
Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар
Бүгін, 10:03
ІІМ азаматтармен онлайн байланыс орнатып, әлеуметтік желілер арқылы 778 өтініш қабылдады
Бүгін, 09:48
«Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өсті
Бүгін, 09:37
Сайлау учаскелерінде азаматтарды тексеру және тіркеу онлайн сервистері іске қосылады
Бүгін, 09:28
Астананың барлық ауданында мектеп жәрмеңкелері өтуде
Бүгін, 09:11
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру: Мемлекеттік қызметтің 88%-ы электронды форматқа көшірілді
Бүгін, 08:53
Елордада 7 автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді
Бүгін, 08:34
Астанада демалыс күндері фермерлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Бүгін, 07:01
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
Бүгін, 00:59
Құрылтай сайлауы күні жалпыұлттық online-марафон өтеді