12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Projects Maturity халықаралық форумы өтті

|
Photo: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Projects Maturity халықаралық форумы өтті

|
Photo: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Астана қаласында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен академиялық қауымдастық өкілдерінің басын қосқан халықаралық Projects Maturity Forum өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобалық жетілдіру деңгейін арттыру және басқару тәжірибесін жетілдіру мәселелерін талқылау мақсатында өткен форумды Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Astana IT University және People&Projects консалтингтік агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара жобалық менеджмент саласындағы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің сарапшылары мен практиктері үшін негізгі кәсіби алаңға айналды.

Бұл Форум жобалық менеджмент саласындағы сарапшылар мен тәжірибелі мамандар асыға күтетін жыл сайынғы маңызды оқиға болып саналады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің атынан сөз сөйлеген вице-министр Дмитрий Мун мемлекеттік басқару жүйесінде жобалық басқаруды дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Ерекше форматта өткен форумда үздік тәжірибелер, мазмұнды панельдік пікірталастар, практикалық шеберлік сабақтар мен симуляциялық ойындар ұйымдастырылды. Мемлекеттік секторда жобалық басқаруды енгізу және орталық пен жергілікті атқарушы органдардың жобалық кеңселерінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Мұндай формат тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар сабақтарды шешімдерге, ал шешімдерді ел деңгейінде масштабталатын тәжірибеге айналдыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі өз сөзінде.

People&Projects компаниясының бас директоры (CEO) Зарина Биюмбаеваның сөзінше, «Projects Maturity Forum – Орталық Азияда жобалық басқару аясын кеңейту мен стратегияның, коммуникацияның және адами фактордың рөлін тереңірек түсінуге бағытталған тағы бір маңызды қадам.

«Біз жоғары құндылықтары мен кәсіби біліктілігі бар мамандар жиналатын орта қалыптастырып жатқанымызға қуаныштымыз», - деді ол.

Форумда Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан және басқа да елдердің спикерлері мен қатысушылары бас қосты. Шетелдік сарапшылар мемлекеттік құрылымдарда, жеке секторда және білім беру ұйымдарында жобалық басқаруды дамыту тәсілдерімен бөлісіп, сондай-ақ халықаралық PMI, IPMA, ISO және Prosci стандарттарын қолдану тәжірибесін ұсынды.

Форум спикерлерінің бірі – ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов жобалық ойлау кәсіби құзыреттіліктер мен ұйымдардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін практикалық құрал екенін атап өтті.

«Жобалық ойлау сән емес, теориялық ұғым да емес. Бұл – күрделі жүйелерге тәртіп орнатуға, ортақ мақсатқа жұмылған командалар құруға және басталған істі нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін практикалық құрал. Өз тәжірибемде бизнес пен мемлекеттік басқаруда мен бұған бірнеше рет көз жеткіздім. Үлкен міндетті түсінікті қадамдарға бөліп, артық нәрсені алып тастап, рөлдерді нақты бөліп, мерзім мен нәтижеге жауапкершілік алған кезде өзгерістер сөзсіз орын алады. Дәл жобалық тәсіл бейберекетті жүйеге, идеяларды әрекетке, ал әрекеттерді жетістікке айналдырады», - деді Жақып Асанов.

Форум барысында жастардың құзыреттерін дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Astana IT University базасында спикерлердің дәрістері және жобаларды басқаруға арналған симуляциялық ойын өткізілді. Студенттер мен жас мамандар дизайн-ойлау, тәуекелдерді басқару, ғарыштық жобалар және жобалық қызметтегі жасанды интеллектті қолдану бойынша практикалық сессияларға қатысты.

«Біз тек IT-мамандарды ғана емес, болашақ басқарушыларды да даярлаймыз. Бакалавриаттың 17 және магистратураның 9 бағдарламасы, соның ішінде AI Business және Digital Public Administration бағыттарындағы жаңа білім беру бағдарламалары елдің цифрлық трансформациясы үшін тұрақты кадрлық резерв қалыптастырады. Сондықтан мұндай іс-шаралар студенттеріміздің цифрлық басқарушылар ретінде дамуы үшін аса маңызды», - деді Astana IT University ректоры Альтаир Ахметов.

Форумның қорытынды бөлігі People&Projects Awards марапаттау рәсімі барысында жобалық басқаруды дамытуға үлес қосқан жобалық командалар, менеджерлер мен ұйым басшылары марапатталды.

Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің атынан мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың және білім беру ұйымдарының басшыларына жобалық тәсілді мемлекеттік басқаруға енгізуге және дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗