24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты

|
Photo: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты

|
Photo: polisia.kz

«Қылмысты тоқтату» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон қызметі жедел бөлімшелермен бірлесіп қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, көлік жуу бекеттерінде және жолаушылар тасымалы саласында рейдтер жүргізуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараның мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау.

«Екі күн ішінде шамамен 40-қа жуық құқық бұзушылық тіркелді: елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін уақтылы шықпау, визада көрсетілген мақсатқа сай келмейтін қызметпен айналысу, сондай-ақ рұқсатсыз жұмыс істеу деректері анықталды.

Жолаушыларды арнайы рұқсатсыз тасымалдаған 32 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай құқық бұзушылықтар такси жүргізушілері, сондай-ақ көлік жуу бекеттері мен базарларда жұмыс істейтіндердің арасында да анықталды. Анықталған барлық фактілер бойынша заң аясында шаралар қабылданды», - делінген хабарламада.

Көші-қон полициясы шетелдік азаматтар мен жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіріп, ел аумағында заңды болу және еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібі туралы ақпарат беруде. Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗