11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада отбасылық садақ ату іс-шарасы өтеді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада отбасылық садақ ату іс-шарасы өтеді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі

Қазақстанда 15 маусымда аталып өтетін Әкелер күніне орай Астанада садақ атудан спорттық-танымдық іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Sadaq Aty іс-шарасын Қазақстандағы Даму қауымдастығы мен қалалық ішкі саясат басқармасы бірлесіп өткізеді. Бұл – әкелер мен балалардың дәстүрлі қазақ садақ ату өнерімен танысып, бірге уақыт өткізуге, өзара түсіністікті нығайтып, ұлттық дәстүрлер рухын заманауи форматта сезінуге арналған бірегей мүмкіндік. Жиын Астанада жастар мен отбасылар арасында садақ атуды кеңінен насихаттап жүрген Sadaq Aty атты жетекші клуб аумағында өтеді.

Іс-шара 15 маусым күні сағат 15:00-де басталады.

Тіркелу үшін https://forms.gle/LS3Ya4Mc1u239SbB9  сілтемесі арқылу өту қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗