Астанада оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың салдары түсіндірілді

Астанада оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың салдары түсіндірілді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында прокуратура қызметкерлері №117 жалпы білім беретін мектептің 9-11 сыныптарының оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге 150-ден астам мектеп оқушысы қатысты. Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, соның ішінде интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтар мәселесі талқыланды.

Кездесу барысында оқушыларға интернет-алаяқтық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік нормалары түсіндірілді. Оның ішінде фишинг, дропперлік сияқты түрлері, сондай-ақ сталкинг және интернеттегі өзге де құқыққа қайшы әрекеттер мәселелері қамтылды.

Дәріс интерактивті форматта өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.