Астанада он үш бағдарда автобустар саны артты

Бүгін, 09:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада он үш бағдарда автобустар саны артты
Фото: City Transportation Systems

Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

15 сәуірден бастап көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 6 қалалық және 7 экспресс-маршрутқа 37 автобус қосылды:

- №63 бағдар – енді 22 автобус (бұрын 19);

- №67 бағдар – енді 15 автобус (бұрын 10);

- №74 бағдар – енді 15 автобус (бұрын 10);

- №76 бағдар – енді 8 автобус (бұрын 5);

- №82 бағдар – енді 15 автобус (бұрын 10);

- №83 бағдар – енді 8 автобус (бұрын 6);

Экспресс-маршрут:

- №501 маршрут – енді 12 автобус (бұрын 10);

- №502 маршрут – енді 12 автобус (бұрын 10);

- №503 маршрут – енді 12 автобус (бұрын 10);

- №505 маршрут – енді 12 автобус (бұрын 10);

- №506 маршрут – енді 10 автобус (бұрын 8);

- №507 маршрут – енді 10 автобус (бұрын 8);

- №508 маршрут - енді 10 автобус (бұрын 8).

«Автобус санын арттыру күту уақытын қысқартуға және сапарларды ыңғайлы етуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елордада тыныштық режимін бұзғандар жауапқа тартылды.