Астанада «Нұрлы жол» вокзалының жанындағы көшеде көлік қозғалысы шектеледі
15 мамыр, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада С. Шаймерденов көшесінің Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде 16-18 мамыр аралығында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.
Аталмыш учаскеде орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жүргізіледі.
Сонымен қатар Ж. Нәжімеденов-С. Шаймерденов және А. Байтұрсынов-С. Шаймерденов көшелерінің қиылыстарында қозғалыс ішінара шектеледі.
Жұмыс Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне қарай бағытта жолдың бір жағымен жүргізіледі.
Еске сала кетсек, Астанада көпшілік шомылуға арналған 5 жағажай аймағы белгіленді.
Ұқсас жаңалықтар
12 шілде, 2026
Астанада отбасылық демалысқа арналған Trend Up Fest өтті
12 шілде, 2026
BaiQymyz-2026 фестивалінің алғашқы күніне 40 мыңға жуық адам келді
12 шілде, 2026
BaiQymyz-2026: 56 тонна қымыз ұсынылып, Қазақстан рекорды жаңарды
12 шілде, 2026
BaiQymyz-2026: «Қамбар ата» көрмесі жылқы мәдениетін сурет арқылы ұлықтады