03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі өтеді

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі өтеді

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

5 желтоқсанда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальдің мақсаты – Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын насихаттау, оның әндерінің ұлттық музыкалық мәдениеттегі орнының ерекше екенін көрсету.

Концерттік бағдарламада Шәмші Қалдаяқовтың танымал туындылары заманауи өңдеуде және кәсіби орындаушылардың шеберлігі арқылы жаңаша ұсынылады. Сондай-ақ фестивалге арнайы шақырылған шетелдік өнерпаздар – İlkim Eylül İlk (Түркия), Сарвиноз Камалова (Өзбекстан), Альфия Каримова (Башқұртстан), Michelle Joseph (Моңғолия) және Вреж Киракосян (Армения) қатысады.

Іс-шарада «Қазақконцерт» ұйымының жетекші солистері мен шығармашылық ұжымдары да бірлескен қойылымдар ұсынады. Сонымен қатар, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Astana Musical» мемлекеттік театрының әртістері және Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің Камералық ансамблі өнер көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗