Астанада медицина қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Астанада денсаулық сақтау саласының өкілдеріне жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер таныстырылып, реформалардың медициналық жүйеге ықпалы жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Астанада денсаулық сақтау саласының мамандарымен жаңа Конституция жобасына арналған кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында салаға тікелей әсер ететін конституциялық өзгерістер кеңінен сөз болып, олардың мазмұны мен маңызы түсіндірілді.
Кездесуде әлеуметтік саясатты жетілдіру, азаматтардың медициналық көмекке қол жеткізу құқықтарын нығайту және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған нормаларға ерекше назар аударылды.
Басқосу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, реформалардың практикалық жүзеге асырылуына қатысты ойларымен бөлісті.
Еске салсақ, елордада жалпыұлттық коалиция штабының өкілдері Конституциядағы өзгерістерді түсіндірді.