Референдум-2026

Астанада маусымдық жұмысшылардың еңбек құқықтары түсіндірілді

Бүгін, 12:05
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада маусымдық жұмысшылардың еңбек құқықтары түсіндірілді
Фото: Астана қаласы коммуникациялар қызметі

Жұмыстың уақытша немесе маусымдық болуы қызметкердің еңбек құқықтарын шектемейді. Мерзімді еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негізгі кепілдіктерге ие. Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Ерлан Исмағұлов айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Еңбек қатынастары қалай ресімделеді

Еңбек кодексінің 30-бабына сәйкес, еңбек шарты заңда көзделген жағдайларда белгіленбеген мерзімге де, белгілі бір мерзімге де жасалуы мүмкін.

Бұл ретте шартта еңбек функциясы, жұмыс орны, шарттың мерзімі, жұмыстың басталу күні, жұмыс және тынығу уақытының режимі, еңбекақы төлеу шарттары, тараптардың құқықтары мен міндеттері және басқа да міндетті талаптар нақты көрсетілуі тиіс.

Маусымдық жұмыстарға Еңбек кодексінің 134-бабының арнайы нормалары қолданылады. Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір кезеңде - маусымда, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде орындалатын жұмыстар маусымдық жұмыстар деп танылады. Шартта маусымдық жұмысты орындау туралы талап және оны орындау кезеңі міндетті түрде көрсетіледі.

Маңызды кепілдіктердің бірі - маусымдық жұмыстарға еңбек шартын жасасу кезінде сынақ мерзімі белгіленбейді.

Қызметкерлердің негізгі кепілдіктері

Еңбек шартының мерзімді болуы еңбек құқықтарының көлемін қысқартпайды. Маусымдық және уақытша жұмысшылар уақтылы әрі толық көлемде жалақы алуға, қауіпсіз еңбек жағдайларына, белгіленген жұмыс және тынығу уақытына, әлеуметтік кепілдіктерге және еңбек құқықтарын қорғауға құқылы. Сондай-ақ, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқық сақталады. Еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған демалыс күндері үшін Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес өтемақы төленеді.

Еңбекті қорғау мәселесіне ерекше назар аударылуы тиіс. Жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, қажетті нұсқамаларды өткізуге және қажет болған жағдайда жеке қорғаныш құралдарын беруге міндетті. Бұл талаптар шарттың ұзақтығына қарамастан барлық қызметкерлерге қолданылады.

Коммуналдық саладағы маусымдық жұмыспен қамту

Маусымдық жұмысшыларға деген қажеттілік әсіресе елорданың коммуналдық саласында айқын байқалады. Мәселен, көшелерді санитарлық тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің саны қыс мезгілінде шамамен 1 800 адамға дейін жетеді, ал жаз мезгілінде шамамен 1 200 адамды құрайды.

Жұмыстың уақытша немесе маусымдық болуы қызметкердің еңбек құқықтарын шектемейді. Мерзімді еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негізгі кепілдіктерге ие.

Еңбек қатынастары қалай ресімделеді

Еңбек кодексінің 30-бабына сәйкес, еңбек шарты заңда көзделген жағдайларда белгіленбеген мерзімге де, белгілі бір мерзімге де жасалуы мүмкін.

Бұл ретте шартта еңбек функциясы, жұмыс орны, шарттың мерзімі, жұмыстың басталу күні, жұмыс және тынығу уақытының режимі, еңбекақы төлеу шарттары, тараптардың құқықтары мен міндеттері және басқа да міндетті талаптар нақты көрсетілуі тиіс.

Маусымдық жұмыстарға Еңбек кодексінің 134-бабының арнайы нормалары қолданылады. Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір кезеңде - маусымда, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде орындалатын жұмыстар маусымдық жұмыстар деп танылады. Шартта маусымдық жұмысты орындау туралы талап және оны орындау кезеңі міндетті түрде көрсетіледі.

Маңызды кепілдіктердің бірі - маусымдық жұмыстарға еңбек шартын жасасу кезінде сынақ мерзімі белгіленбейді.

Қызметкерлердің негізгі кепілдіктері

Еңбек шартының мерзімді болуы еңбек құқықтарының көлемін қысқартпайды. Маусымдық және уақытша жұмысшылар уақтылы әрі толық көлемде жалақы алуға, қауіпсіз еңбек жағдайларына, белгіленген жұмыс және тынығу уақытына, әлеуметтік кепілдіктерге және еңбек құқықтарын қорғауға құқылы.

Сондай-ақ, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқық сақталады. Еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған демалыс күндері үшін Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес өтемақы төленеді.

Еңбекті қорғау мәселесіне ерекше назар аударылуы тиіс. Жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, қажетті нұсқамаларды өткізуге және қажет болған жағдайда жеке қорғаныш құралдарын беруге міндетті. Бұл талаптар шарттың ұзақтығына қарамастан барлық қызметкерлерге қолданылады.

Коммуналдық саладағы маусымдық жұмыспен қамту

Маусымдық жұмысшыларға деген қажеттілік әсіресе елорданың коммуналдық саласында айқын байқалады. Мәселен, көшелерді санитарлық тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің саны қыс мезгілінде шамамен 1 800 адамға дейін жетеді, ал жаз мезгілінде шамамен 1 200 адамды құрайды.

«Астана Зеленстрой» ЖШС маусымдық жұмыстардың негізгі көлемі жаз мезгіліне тиесілі.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және жауапты тұлғаларымен еңбек заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жұмыс берушінің жауапкершілігі

Жұмыс берушілер әрбір қызметкердің ресми түрде рәсімделуі тиіс екенін, ал мерзімді еңбек шартын жасасудың заңды негізі болуы қажет екенін есте ұстауы керек. Еңбек шартында оның қолданылу мерзімі мен жұмыс шарттары нақты айқындалуы тиіс.

Жұмыспен қамтылу мерзіміне қарамастан, жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын, уақтылы жалақы төлеуді және заңда көзделген барлық кепілдіктерді қамтамасыз етуге міндетті. Еңбек қатынастары тоқтатылған кезде пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны қоса алғанда, барлық түпкілікті төлемдер жүргізілуі қажет.

Осылайша, жұмыстың маусымдық немесе уақытша сипаты еңбек құқықтарын шектеуге негіз бола алмайды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары заңнаманың сақталуын бақылауды және қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.