11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада геологиялық кластер құрамында заманауи зертхана салынады

|
Photo: primeminister.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада геологиялық кластер құрамында заманауи зертхана салынады

|
Photo: primeminister.kz

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Астанада геологиялық кластер құрамындағы заманауи зертхана құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мамандардың айтуынша, қазіргі қолданыстағы геологиялық карталар біршама ескірген. Олар кен орындарының әлеуеті мен нақты орналасқан жерін дәл анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан геологиялық карталардың ауқымын кеңейту жұмыстарын жалғастыру қажет. Сондай-ақ геологиялық барлау ісіне заманауи ғылыми әдістерді енгізуге жағдай жасаған жөн. Осы орайда елордада геологиялық кластер құрамында заманауи зертхана құру жоспарланып отыр. Ол минералдық-геохимиялық және талдамалық зерттеулер жүргізу үшін қажет. Өнеркәсіп министрлігі Қаржы министрлігімен және Ұлттық геологиялық қызметпен бірлесіп, 2026 жылы аталған зертхана құрылысын бастауды қамтамасыз етуі қажет», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан алтын қорының көлемі 98 тоннаға артқанын айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗