Алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты – Иран Шархан
11 қараша, 2025
primeminister.kz
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау саласындағы ахуал туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол қазір ел бойынша 103-тен астам түрлі пайдалы қазба және 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынғанын, сондай-ақ қолданыста 2,9 мыңнан астам лицензия және 250-ге жуық қатты пайдалы қазбалар бойынша келісімшарт бар екенін хабарлады.
«Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет 5 кен орыны мемлекеттік есепке алынды. Олар – Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр кен орындары. Қор көлемі 98 тонна алтынға, 36 мың тонна мысқа, 11 миллион тонна марганецке және 1,3 миллион тонна фосфоритке артты», - деп атап өтті Иран Шархан.
Ұқсас жаңалықтар
4 қыркүйек, 2026
Қазақстандық ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологияларын әзірлеп жатыр
3 қыркүйек, 2026
Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған министрлерді ұжымдарына таныстырды
2 қыркүйек, 2026
Президент Жолдауы: елімізде екі жылда 54 жаңа кен орны ашылды
31 тамыз, 2026
$78,6 млрд болатын 215 жоба Қазақстанның жаңа инвестициялық циклін қалыптастырып жатыр