Астанада Folk Show концерті өтті

Бүгін, 17:43
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Folk Show концерті өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Folk Show концерті өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Музыкалық кешке «Астана сазы» фольклорлық ансамблінің, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрдің, Gulder ансамблінің, G-band тобының және өзге де өнер ұжымдарының әртістері қатысты.

Концерт барысында қазақтың танымал күйлері мен әндері заманауи өңдеуде орындалып, әлемдік музыка туындылары мен көпшілікке белгілі кинофильмдердің саундтректері шырқалды. Бағдарламада «Адай», «Махамбет», «Балалық шақ», «Махаббат бекеті» туындыларымен қатар, «Такси», «Кариб теңізінің қарақшылары», «Троя» және «Гладиатор» фильмдерінің музыкалық композициялары орындалды.

Айта кетейік, 27 маусым күні «Қазақконцерттің» 65-ші концерттік маусымының жабылуына арналған гала-концерт аясында Folk Show бағдарламасы кеңейтілген форматта қайта ұсынылады.

Еске салсақ, елордада Bala energy open-air фестивалі өтті.