Астанада Emerald Tower ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтеді

Астанада Emerald Tower ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

25 мамыр күні сағат 15:00-де Астанадағы Д. Қонаев көшесі, 10 мекенжайында орналасқан Emerald Tower бизнес орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығуға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 32 қызметкері мен 7 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылады. Оның ішінде өрт автосатысы мен арнайы көтергіш техникалар да бар.

Осыған байланысты Астана қаласының ТЖ департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға және шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға шақырды.

Бұған дейін Астанада үздік «Жас құтқарушылар» анықталғанын жаздық.