Астанада электр самокатына қатысты 126 құқық бұзушылық тіркелді

Астанада электр самокатына қатысты 126 құқық бұзушылық тіркелді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Электр самокатымен тротуарда қатты жүру, жаяу жүргіншілерге кедергі келтіру және жол қозғалысы ережесін елемеу фактілері анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Астанада «Артық жүк» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері қала көшелерінде, ірі магистральдарда, өнеркәсіптік аймақтарда және құрылыс нысандары маңында рейд ұйымдастырды.

Сонымен қатар тек жүк көліктері ғана емес, жеңіл автокөліктер, электр самокаттарын да бақылауға алынған.

Тексеру нәтижесінде барлығы 5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 126 құқық бұзушылық электр самокатын пайдалану барысында тіркелген.

Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін 308 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Олардың қатарында құжатсыз басқару, техникалық талаптарға сай келмеу және көлікті мас күйде жүргізу деректері бар.

Еске салсақ, электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді.