Астанада экопарк салу бойынша инвестициялық жоба іске қосылды

Астанада экопарк салу бойынша инвестициялық жоба іске қосылды
Фото: СІМ Инвестиция комитеті

Елордада «Energy Astana» экопаркін салу және пайдалану бойынша инвестициялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетіне сілтеме жасап.

Тиісті келісімшартқа Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов пен қытайлық «EAST HOPE» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Цюаньюань Пен қол қойды.

Жоба 2029 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп жоспарланған. Бірінші кезеңде эко-саябақ тәулігіне шамамен 1 500 тонна қалдықты өңдеп, 50 МВт электр энергиясын өндіреді. Оны іске асыру 250 уақытша және 125 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, Астанада тұрмыстық қалдықты жағып электр қуатын өндіретін кешен салынады.