Астанада білім беру нысандарының аумақтары қар мен қоқыстан тазартылып жатыр

Бүгін, 13:38
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада білім беру нысандарының аумақтары қар мен қоқыстан тазартылып жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» жобасы аясында білім беру ұйымдарының аумақтарында кең ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Игі бастама шеңберінде мектептер, колледждер және балабақшалардың аулалары қардан тазартылып, жиналған қоқыс қалдықтары шығарылуда.

Аталған жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мақсатында қала бойынша 800-ден астам білім беру мекемесіне тиісті тапсырмалар берілді. Бұл шаралар әрбір нысанның аумағын ретке келтіріп, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Тазалық жұмыстары білім беру мекемелерінде қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырумен қатар, оқушылар мен педагогтердің экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Жоба аясындағы іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Еске салайық, бұдан бұрын Астанада экоакция барысында «Таза Қазақстан» алып туы жайылғаны туралы жаздық.