19.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада азаматтық бастамаларға шағын гранттар табысталды

|
Photo: Василий Крась
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада азаматтық бастамаларға шағын гранттар табысталды

|
Photo: Василий Крась

Астанада «ProNGO: азаматтық бастамаларды ілгерілетудегі серіктестік» тақырыбында оқыту семинары мен азаматтық шешімдер мини-хакатоны өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараға ҮЕҰ, бастамашыл топтар, мемлекеттік органдар және елорданың белсенді тұрғындары, азаматтық қоғамды дамыту саласында көпжылдық тәжірибесі бар сарапшылар қатысты.

Семинар мен мини-хакатон мемлекеттік шешімдердің жүйелік деңгейі мен адамдардың нақты қажеттіліктері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған.

Мамандардың сөзінше, қаланың көптеген мәселесін тек мемлекеттің күшімен шешу мүмкін емес, олар тұрғындардың күнделікті өмірінде, ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың жұмысында байқалады. Шешімдер тек мемлекет пен қоғам бірге әрекет еткенде пайда болады.

Азаматтық шешімдер мини-хакатоны барысында 13 команда  өздерінің идеяларын презентация арқылы көрсетіп, қазылар алқасының алдында жобаларын қорғады.

Жобалардың арасында ерекше күтімді қажет ететін балаларды дамыту, аутизммен ауыратын балалардың аналарына психологиялық, құқықтық қолдау көрсету, әлеуметтік кәсіпкерлікті ілгерілету, мектептегі әлімжеттікті болдырмау сияқты бағыттар болды.

«Мұндай жобалардың өте маңызды екеніне көз жеткіздік. Алдағы уақытта да қоғамға пайдалы осындай жобалар көптеп ұсынылып, қолдау табады деп ойлаймыз», - деді «Белсенді Азамат» қоғамдық қорының төрағасы Гамал Түзелбаев.

Қазылар алқасының шешімімен ең үздік бес жобаға 1 млн теңге көлеміндегі шағын гранттар берілді. Жеңімпаздар сертификаттармен марапатталды.

Айта кетейік, «Белсенді Азамат» қоғамдық қоры тарапынан «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» гранты Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗